18
наурыз
2026
Түймебаев ауылындағы жайлы мектеп туралы
Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Түймебаев ауылындағы жайлы мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 02.09.2025 жылы бекітілген Жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асырды.
«Түймебаев ауылындағы жайлы мектеп» КММ білім функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады, типтік мектеп үш қабатты, жалпы ауданы 10215 м/кв.
Ғимараттың сыйымдылығы 900 орынға арналған, салынған жылы 2025 ж. Барлығы 2 Блок, оның ішінде мектеп асханасы 642 кв/м. А блогы 1, 2, 3 қабаттар бастауыш, Б блогы орта-жоғарғы сыныптардың корпусы (бастауыш сыныптардың кабинеттері ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің кабинеттері – 63,5 кв/м. Бірінші қатта Б блогында зертханасы бар биология, зертханасы бар АӘТД, тігін шеберханасы, көркемдік жобалау және графика кабинеттері.
Екінші қабатта Б блогында жалпы орта сыныптардың кабинеттері, зертханасы бар физика, зертханасы бар информатика. А блогы – АКТ зал 157,7 кв/м, 218 орын. Үшінші қабатта Б блогында зертханасы бар химия, робототехника зертханасы бар, STEM зертханасы бар, мектеп кітапханасы – 119,2 кв/м. Бірінші қабатта Б блогы спорт залы 662,4 кв/м.